×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Германия Украинаға қару-жарақтың жаңа партиясын жөнелтті

24.12.2023, 08:51
Morris MacMatzen

Германия үкіметінің сайтындағы жаңартылған тізімге сәйкес, бір апта ішінде Германия Украинаға үш Gepard зениттік зеңбірегін, миналардан тазартуға арналған екі Wisent броньдалған көлігін және он мыңдаған оқ-дәрі жеткізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тізімде үш Gepard өздігінен жүретін зеңбіректер мен оларға арналған 30 мыңнан астам снаряд жеткізілетіні көрсетілген. Сондай-ақ миналардан тазартуға арналған екі Wisent броньдалған машинасы, Leopard 2 А6 танктеріне арналған белгісіз мөлшердегі оқ-дәрілер, 155 миллиметрлі 2,5 мың артиллериялық снаряд, 40 миллиметрлі 25 мыңнан астам оқ-дәрі, барлауға арналған 10 дана ұшқышсыз ұшу аппараты және оларға арналған қосалқы бөлшектер, екі броньдалған автомобиль, сегіз Zetros жүк көлігі, жартылай тіркемелері бар екі HX81 тартқыш пен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді.

Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдады. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресейдің заңды нысанасына айналатынын айтты.

Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізіп, "отпен ойнап жатыр" деп мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары