Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы (Қытайдың солтүстігінде) Алашань аймағында орналасқан химиялық зауытта болған жарылыстан кемінде төрт адам қаза тауып, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ТАСС-тың мәліметінше, оқиға жұма күні «Баинь аобао» индустриалды паркінде орналасқан «Нэймэнгу Чжунгаохуагун» химиялық зауытында болды. Белгілі болғандай, жарылыс тотығу цехында болған.
Сенбі күні таңертең өрт ауыздықталды. Қазіргі уақытта зауыт жұмысы тоқтатылды. кәсіпорынның заңды өкілі қоғамдық қауіпсіздік органдарының бақылауында.