×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Президент шыршасында балаларға қандай сыйлық жасалды

25.12.2023, 11:30
Астана қаласының әкімдігі

Кеше елордадағы оқушылар сарайында ҚР президентінің жаңажылдық шыршасы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа жылдық кешке 6-дан 13 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, оқуда, спортта жетістікке жеткен 200-ден астам бала қатысты.

Балалар үшін түрлі-түске боялған шоу-қойылым ұйымдастырылды. Олар фиксиктер, Тазша бала, Ертөстік, Таусоғар сияқты мультфильм және ертегі кейіпкерлерінің қойылымын тамашалап, түрлі ойындар ойнады. 

Жаңа жылдық сыйлық ретінде киім, жұмсақ ойыншықтар, спорттық рюкзактар және т.б. сатып алуға болатын сертификаттар табысталды.

Айтпақшы, балаларға арналған шырша мерекесін аудан әкімдіктері де ұйымдастырады.

“Әрбір отбасыға, әр балаға зор денсаулық, бақыт, табыс және армандарының орындалуын тілеймін! Біз өз тарапымыздан балаларымыз бен ата-аналарымыздың жағдайын жасауды жалғастыра береміз!" – деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік парақшасында.

Серіктес жаңалықтары