×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Көрші елдегі соғыс Қазақстанда суррогат аналарға сұранысты арттырған

25.12.2023, 15:45
Көрші елдегі соғыс Қазақстанда суррогат аналарға сұранысты арттырған
Ашық дереккөзден

Біздің қоғамға "суррогат ана" деген ұғым сіңісе бастады. Бұрын үрке қарайтындар көп еді, қазір үмітпен қарайтындар көп. Жатырын жалға беретін құрсақ аналар мұндай қадамға қиындыққа тап болғандықтан баратын көрінеді. Өзінің қаржылық жағдайын реттеп қана қоймай, бала көтере алмай жүрген әйелге шаттық сыйлайды. Бұл бизнесте қазақ қыздары аз емес, деп жазады Ulysmedia.kz "Азаттық" радиосына сілтеме жасап.

Еріккеннің ермегі емес

Ресей мен Украина арасындағы соғыс суррогат ана нарығының Орталық Азияға ауысуына алып келді. Бүгінде Грузияға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген жүздеген әйелдер эмбрион отырғызу процедурасынан өтіп, өзге отбасыларға бала сыйлауға ниеттеніп отыр.

Олардың көбі – жалғызбасты аналар. Әрқайсысының үйінде 2-3 баласы бар.

Мәселен, 31 жастағы қырғыз қызы қытайлық отбасыға егіз туып берген. Бұл қызметі үшін 20 мың долларға жуық қаражат алған.

“ Үш баланы жалғыз асырап отырмын. Үй салып жатырмын. Қарыздарым, несиелерім көп”, – дейді ол.

Шетел жоғары бағалайды

“Sur312kg” агенттігінің өкілі Людмила Волчкованың айтуынша, Ресей өзге ұлт өкілдерінің суррогат ана болуын шектеп тастаған. Бүгінде агенттікке Грузия және Армениядан ұсыныс көп түседі екен. Айтпақшы, Грузия 1997 жылы бұл “қызметті” заңмен реттеп қойған.

“ Суррогат аналар бізді интернеттегі жарнама арқылы табады. Көбіне Қазақстан және Қырғызстаннан хабарласатындар көп. Алдағы уақытта Грузия ұлт өкілдерінің суррогат ана болуына шектеу қояды деген сыбыс бар. Бұл, әрине, суррогат аналарға қиынға соғатыны анық. Табысынан айырылады. Мәселен, қазақстандық бір әйел үшінші рет суррогат ана атанайын деп отыр”, – дейді ол.

Жалпы, шетелде суррогат ана­лар­дың қызметі қым­бат бағаланады. Сон­дық­тан шетелге барып, осы қызмет тү­рін көрсететін қазақ­стандық­тар көп екен. Шетелде суррогат ананың құқығы да жақ­сы қорғалатын көрінеді.

Еліміздегі заң

Елімізде әрбір алтыншы отбасы бір пер­зентке зар болып отыр. 14 мыңнан аса ерлі-зайып­тының табиғи жолмен балалы болуға мүм­кіндігі жоқ. 

Біздің елімізде суррогат ана болуға заң­мен тыйым салынбаған. «Неке және от­басы туралы» заңда суррогат ананың қандай ұ­ғым екені, оған қойылатын талаптар мен шарт­тар жан-жақты көрсетілген. Бұл заң­ның «Суррогат ана болу және қосалқы реп­ро­дук­тивтік әдістер мен технологияларды қол­­дану» деп аталатын және алты баптан тұ­ра­тын 9-тарауында тараптардың құқық­тары мен міндеттері толық қамтылған. Онда сур­рогат ананың жасы мен денсаулығы көр­­­­сетілген. «Құрсақ» ана мен тапсырыс беру­ші осы заңнама негізінде келісімшарт жа­сайтынын атап өткен жөн.