×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Қалтамда 5К": Жаңа 5000 теңгелік банкнот айналымға шықты

26.12.2023, 16:10
"Қалтамда 5К": Жаңа 5000 теңгелік банкнот айналымға шықты
Ұлттық банк

Ұлттық банк 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкноттарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа бес мың теңгемен таныс болыңыз...

Бұл – "Сақ стилі" жаңа сериясының алғашқы банкноты. Ол дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.

Түсі - қызыл-қызғылт сары. Банкноттың бет жағында:

- көкте қалықтап ұшқан құспен "Өмір ағашының" бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);

 - ДНҚ спиралы және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;

- жәдігер-бүркіт фигурасы түріндегі безендіру (Қорған Талды II, б.д. д. 7-6 ғғ.; бүркіт шексіз еркіндіктің, күш пен ептіліктің символы ретінде).

Банкноттың сырт жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан фонындағы бүркіт бейнеленген. Негізгі бейненің артында дөңгелек қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді:

 - "Қалқан" - құндылықтарды қорғау;

- ежелгі символ - әлемнің төрт құбыласы;

- ортасындағы күн белгісі - өмірдің символы.

Сондай-ақ банкноттың сырт жағында қанаты жайылған жәдігер-бүркіттің бейнесі орналасқан (Берел қорғандары "Патшалар Алқабы", б.д. д. 8-7 ғғ., ШҚО, безендіру элементі, еркіндік пен үйлесімділіктің символы). Банкноттың ортасында Шарын каньонының ландшафты көрінісі орналасқан "шексіздік" қазақтың ою-өрнегінің фон-контуры бар.

Бір жыл ішінде банкнотты ауыстырып үлгермеген жағдайда не істеу қажет?

Номиналы 5 000 теңге болатын жаңа банкноттар 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналымға енеді және жыл бойы айналымдағы 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңге болатын ұлттық валюта банкноттарымен ауыстырылады.

Яғни, ескі үлгідегі барлық банкнот бір жылдың ішінде айналымнан біртіндеп алынады. Тиісінше, банкноттар айналымда қатар жүрген уақытта халыққа ескі үлгідегі банкноттарды екінші деңгейлі банктердегі немесе ҚҰБ филиалдарындағы жаңа банкноттарға айырбастаудың қажеті жоқ. 2023 жылдың 25 желтоқсанынан 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін ескі және жаңа үлгідегі банкноттар айналымда қатар жүріп, есеп айырысуға жарамды болып саналады.

Бұл орайда, жаңа үлгідегі банкноттар 2024 жылдың наурыз айында ғана жаппай айналымға түседі. Себебі оларды еліміздің барлық өңіріне жеткізіп, жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және кассалық техника т.б.) бейімдеу үшін белгілі бір уақыт қажет.

Қатар айналым кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноттарды 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға мүмкіндік бар. Ал ҚҰБ филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.

Жаңа үлгідегі (2023 жылғы) және ескі үлгідегі (2011 жылғы) банкноттар айналымда қатар жүретін кезең ішінде заңды төлем құралы болып саналады.