×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстанда жұмыртқа бір апта ішінде 1,3% қымбаттады

23.10.2021, 14:13
Фото: ашық дереккөз

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 0,2%-ды құрады. Бұған жұмыртқа бағасының 1,3%-ға, сәбіздің 0,8%-ға және қанттың 0,7%-ға қымбаттауы әсер етті. Бұл туралы Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өткізген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының реттеу мәселелері жөнінде кеңесте айтылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz

primeminister.kz-ның мәліметінше, жұмыртқа бағасының ең көп өсуі Қарағанды (7,6%), Батыс Қазақстан (7,3%) және Ақмола (4,8%) облыстарында, сәбіз бойынша Алматы қаласында (4,5%), қант бойынша Қарағанды облысында (5,5%) тіркелді.

Өңірлерде «айналым схемасын» қаржыландыру 4,4 млрд теңгеге артып, 45,1 млрд теңгеге жетті. Нысаналы деңгей 90,2%-ға қамтамасыз етілді. 306 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынды, бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 12%-ға артық.

«Үш айлық кезеңге ӘМАТ-пен қамтамасыз ету еліміз бойынша 90%-дан асады (аптасына +17,6 п.т.), әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрлері бойынша ең жоғары көрсеткіштерге Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында қол жеткізілді», - делінегн баспасөз хабарламасында.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өңірлік сауда желілерімен ӘМАТ-қа сауда үстемелерін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы монополияға қарсы комплаенстің 17 актісін жасасты. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 125 актісі жасалды.

Серіктес жаңалықтары