×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алтайда «Шығыс Қазақстан түбі Ресейге қосылады» деп жазған әйелге үкім шықты

28.12.2023, 12:53
Алтайда «Шығыс Қазақстан түбі Ресейге қосылады» деп жазған әйелге үкім шықты
Коллаж: ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Алтай аудандық сотында 43 жастағы әйел сотталды. Ол әлеуметтік желілерге "Шығыс Қазақстанның түбі Ресейге қосылатынын" жазып, құзырлы органдардың назарына ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ерте ме, кеш пе Шығыс Қазақстанның Ресей Федерациясына байланысты жерлері Ресей құрамына қосылады. Сол кезде басқа ескерткіштер қайда ұшып кететінін көре жатармыз. Ленинді сендер орнатқан жоқсыңдар, оны осындай әдіспен алатын да сендер емес». Инстаграм парақшасындағы пабликтердің біріне Алтай қаласының 43 жастағы тұрғыны осындай пікір қалдырған.

Сотталушы биыл тамызда «Instagram» желісіндегі «vestnic.altay» аккаунтында Ленин ескерткішінің құлағанын көрген. Сот материалдарында осы видеоны көргеннен кейін «совет одағын» қалпына келтіру идеясын қолдайтын ол Қазақстанның тұтастығын бұзуға бағытталған қылмыстық ойын жазған. Осылайша, аккаунт астына саяси және әлеуметтік қаупі бар ойын ашық жазып қалдырған. Сотталушының осы пікірі аккаунт астында қызу талқыланып, оған қарсы пікір қалдырғандар да болған.

Сот материалдарында көрсетілгендей, 43 жастағы әйел қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігі ("сепаратистік қызмет") бойынша жауапқа тартылған. 

– Оның сөзі экстремистік сипатқа ие, өйткені Шығыс Қазақстан – Қазақстан Республикасының аумағы. Ол сепаратистік көзқарасын білдіріп, сепаратизмді насихаттау үшін әлеуметтік желіні пайдаланады. Пайдаланушының пікірінде Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекетті ыдырату, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен оның аумағының бірлігін бұзу пиғылын насихаттау белгілері бар, – делінген сот материалдарында.

Сонымен қатар, сот оның пікірінде «қарулы қақтығыс насихатының» белгілері барын атап өтеді. Сот отырысында бірнеше куәгер айыпталушы жазған пікірдің өздеріне жағымсыз әсер еткенін жазған.Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, бес жылға сотталды. Алайда оның бес жылдық жазасын өтеу мерзімі бес жылға кейінге шегерілген. Баласының бары есепке алынған. Сотталушы баладан бас тартқан жағдайда екі рет ескертуден кейін ол бірден қамауға алынады.

Еске салайық биыл жазда Алтай қаласында жөндеу жұмыстары барысында Лениннің ескерткіші құлап, соған байланысты тергеу жүріп жатқаны хабарланған.

15 тамыздан бастап Алтай ауданының орталық алаңында қайта жаңғырту жүргізілген. Жобада Ленин ескерткішін жаңарту да қарастырылған. Ескерткіш тұғыры бөлшектелген. Мердігердің айтуынша, тұғыр мүсінге зақым келтірмеуі үшін алып тастауды ұсынған. Алайда жұмыс барысында ескерткіш өзі құлаған.

Мұның алдында Петропавлда сепаратизмге қатысты атышулы іс бойынша сот отырысы өткен. Айыптау актісіне сәйкес, 2021 жылы айыпталушы Вячеслав Зудерман мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді және Қазақстанның тұтастығы мен бірлігін бұзуды насихаттап, жақтастарымен жауапқа тартылып, бірнеше адам сотталып кеткен.