×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ким Чен Ын әскерилерге соғысқа дайындықты күшейтуді тапсырды

28.12.2023, 14:54
REUTERS

Солтүстік Корея басшысының айтуынша, әскери жағдай сын сағатына таяп қалғаны хабарланады. 

Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ын армияға соғысқа дайындықты тездету керек деп мәлімдеді. БАҚ-тың жазуынша, ол соғысқа дайындықты жеделдету үшін халық армиясына, әскери өнеркәсіпке, ядролық қару секторына жауынгерлік міндеттер қойған.

Корей түбегіндегі ауыр саяси және әскери жағдайды терең талдау нәтижесі АҚШ-тың бұрын-соңды болмаған әрекеттеріне байланысты соңғы нүктеге жеткенін көрсетті, делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Кореяның "Батыстың арандатуына" жауап ретінде зымыран ұшырғаны хабарланған болатын.

Биыл Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалық зымыранды бесінші рет ұшырып отыр.

Ақпанда КХДР "Хвасон-15" зымыранын, наурыз айында "Хвасон – 17" зымыранын ұшырған. Сәуір мен шілдеде "Хвасон-18" қатты зымыраны ұшырылған.

Бұл жолы Пхеньянның маңынан қысқа қашықтықтағы зымыран әуеге жіберілді. Ол шамамен 570 шақырым ұшып, Шығыс теңізге құлаған. Бір қызығы, зымыран америкалық атом сүңгуір қайығының Пусан портына кірген уақытымен сәйкес келді.

Кореяның орталық телеграф агенттігінде (КХДР мемлекеттік АА) Солтүстік Корея қорғаныс министрлігінің 15 желтоқсанда АҚШ пен Оңтүстік Корея ядролық мәселелер жөніндегі консультативтік топтың екінші отырысын өткізіп, келесі жылдың ортасына дейін "ядролық стратегиялық жоспар мен ядролық қаруды қолдану жөніндегі нұсқаулықты орындаймыз деп шешті" деген мәлімдемесін жариялады.

Серіктес жаңалықтары