×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Срогы өткен" кәмпиттер - Ақсудағы ерекше балаларға базарлық

28.12.2023, 16:30
Pavlodarnews.kz

Әлеуметтік желіде Павлодар облысы Ақсу қаласындағы кәсіпорындардың бірі ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсу қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұловтың айтуынша, мерзімі өтіп кеткен тәттілерді жабдықтаушы жеткізген. 

Мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Олар сегіз жылдан бері  сыйлықтарды тасымалдап жүр. Кәмпиттердің қатты болуы мен мерзімдерінің өтіп  кетуі ата-аналардың ашуын тудырды, – дейді Қайрат Смағұлов.

Бөлім басшысы шағымдардан кейін тәттілердің қаптамасының сыртында жаңадан жарамдылық мерзімі жабыстырылғанын көргенін айтады. Бұдан кейін ата-аналармен Zoom арқылы жиналыс өткізіп, олардан кешірім сұраған. 

Сыйлықтардың жарамдылық мерзімін тексермегенім үшін өз кінәмді мойындаймын. Бұл – ерекше балалар. Тіпті, осылай болады деп ойламаған едім. Бұған қоса, сыйлықтарды ертерек емес, шырша мерекесі таяп қалған кезде жеткізді, – дейді Қайрат Смағұлов.

Бөлім басшысы алдағы күндері сыйлықтар ауыстырылатынына сендірді.

Серіктес жаңалықтары