×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

12 млн теңге жымқырған әкімдіктің әккі қызметкері сотталды

29.12.2023, 12:55
12 млн теңге жымқырған әкімдіктің әккі қызметкері сотталды
polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020-2023 жылдар аралығында 12 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маман ұрланған қаражатты өзінің карточкалық шотына аударып тұрған.

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру» бойынша жүргізілді.

Әкімдік қызметкеріне үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.