×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қарағанды облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды

31.12.2023, 07:55
ТЖМ баспасөз қызметі

Өткен тәулікте Қарағанды облысының автожолдарында ТЖД күштерімен қар құрсауында қалған 13 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ТЖД және 52859 ә/б күштерімен жақын маңдағы кемпингтер мен елді мекендерге 435 адам, оның ішінде 42 бала эвакуацияланды.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 186 адам, оның ішінде 24 бала жылыту пункттерінде орналастырылды. Бұқар Жырау ауданында қолайсыз ауа-райы салдарынан мал жаю кезінде адасқан 3 ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Жоғалған адамдар Красная Нива ауылынан 2 км қашықтықта табылды.

ТЖМ тұрғындардан елді мекендерден тыс жерлерге көлікпен және жаяу шығудан бас тартуды сұрап отыр.

Серіктес жаңалықтары