Тараз қаласындағы саябақтардың бірінде орналасқан жаңажылдық шырша өртеніп кетті. Тәртіп сақшылары өрт қойған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған.
Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Негізгі шыршаның "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасқанын атап өту қажет.