Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа жыл кешінде құтқарушылар күшейтілген режимде қызмет атқарғанын хабарлады.
Өткен тәулікте, 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері қоңырау бойынша 163 орынға шыққан. Оның 94-і өртке, 68-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға байланысты болған.
– Бұл ретте 518 адам, оның ішінде 65 бала құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады, – делінген департамент хабарламасында.
Құтқарушылар ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға, абай болуға шақырады.