×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Атырауда бір қыз мұз астына түсіп кетті

02.01.2024, 08:04
Ашық дереккөзден

Атырауда Жайық өзенінде мұз астына түскен қыз құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырауда қала орталығына жақын жерде оқыс оқиға орын алды. Жайық өзенінде мұз астына жасөспірім қыз құлап кетті. Бұл туралы қалалық полициясы хабарлады. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Мұратов, Құрманғазы Мерей және әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы Арманбек Ғабитов алынған хабарламадан кейін оқиға орнына жедел жеткен.

ІІМ мәліметтері бойынша, полицейлер қызды жағаға сәтті шығарып үлгерген. Кейін оны жедел жәрдем қызметі дәрігерлеріне тапсырды. Суық суда ұзақ уақыт болу салдарынан қыз қатты қатып, не болғанын түсіндіре алмай қиналғанын атап өткен жөн.

Полиция лейтенанты Ғапу Жанарыс өзін арқанмен байлап, жасөспірімге қарай ұмтылған. Ал Мерей Құрманғазы “сақтандыру” миссиясын сәтті орындады. Қалған полиция қызметкерлері жағада тұрып, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын болды.

Жедел-тергеу тобы болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тиісті іс-шараларды жүргізуге кірісті.

Серіктес жаңалықтары