×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жапониядағы зілзала: қайтыс болғандар саны 62-ге жетті

03.01.2024, 14:23
Kyodo

Жапонияның Исикава префектурасында болған жер сілкінісінен 62 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

"Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 62-ге жетті", - делінген хабарламада.

Ең көп құрбан болғандар Ваджима мен Сузу қалаларында тіркелді. Сондай-ақ үйінді астында да зардап шеккендер болуы мүмкін. Ұсақ дүмпулер болып жатса да құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Жалпы, зілзаладан жүзден астам адам зардап шекті.

Естеріңізге салсақ, Жапонияның батысында жаңа жылдың бірінші күнінде бірқатар күшті жер сілкіністері болды, ең күшті магнитуда 7,6-ға жетті. Оларға "Ното түбегіндегі жер сілкінісі" деген атау берілді. Жер дүмпуі Осака, Киото және Токиода да қатты сезілді.

Жапонияның негізгі метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, бұл жолғы зілзала 1885 жылдан бері бұл аймақтағы ең күшті жер дүмпуі болды

Серіктес жаңалықтары