×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

04.01.2024, 15:20
Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адам қаза тапты.

"Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, 3 қаңтарда Иранның Керман қаласында 4 жыл бұрын өлтірілген генерал Касем Сүлейманиді аза тұту рәсімі кезінде лаңкестік шабуыл жасалды. Жарылыстардан қаза тапқандар саны 103-ке жетті, кем дегенде 143 адам жараланған.

Серіктес жаңалықтары