×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Орал дәмханасындағы жарылыс: үшінші адамның мәйіті табылды

04.01.2024, 16:35
БҚО ТЖД

Оралдағы дәмханада болған жарылыстан қаза болған үшінші адамның денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жарылған ғимаратта авариялық-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.

"Қираған ғимаратты аршу қиынға соғып жатыр. Тіпті құтқарушылардың өзіне қауіп төніп тұр. Қазіргі күні қирандылар толық ашылып, тазартылып жатыр. Үйінді астынан үшінші адамның денесі табылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұған дейін ТЖД күшімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-уі медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Оқиға орнында қазіргі уақытта ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмыс істеп жатыр, барлығы 190 адам және 50-ден астам техника жұмылдырылған.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Естеріңізге салсақ, БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтар күні сағат 02.07-де Сырым Датұлы көшесі 52-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Серіктес жаңалықтары