×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

ИГИЛ Ирандағы жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

05.01.2024, 08:23
Getty Images

Ислам мемлекеті (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Иранда болған жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ИГИЛ мәлімдемесі

Террористердің айтуынша, зираттағы шабуылды Касем Сүлейманидің қайтыс болуының мерейтойына жиналған адамдар тобында жарылғыш белбеулерді жарған екі жанкешті жасаған.

Кермандағы жарылыс

Еске сала кетейік, 3 қаңтарда Иранның Керман қаласында 4 жыл бұрын өлтірілген генерал Касем Сүлейманиді аза тұту рәсімі кезінде лаңкестік шабуыл жасалды. Жарылыстардан қаза тапқандар саны 103-ке жетті, кем дегенде 143 адам жараланған.

ИГИЛ

"Ислам мемлекеті" немесе “Даиш" ("Ад-дауля әл-Исламия фил Ирак уа аш-Шам" деген сөздің қысқаруынан шыққан) — 2014 жылы Сирия мен Ирактың бақылауындағы аумақтарда жаңа мемлекет құру туралы жариялаған Қазақстанда тыйым салынған исламшыл түрдегі халықаралық террористік ұйым. 

Серіктес жаңалықтары