×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Финалға бір қадам - Рыбакина тағы да жеңді

05.01.2024, 10:30
KTF

Отандасымыз Елена Рыбакина Брисбен (Австралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Турнирдің екінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы ширек финалда әлемдік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен кездесті.

Осыған дейін қарсыластар бір-ақ мәрте кездесіп, онда ресейлік теннисші жеңген екен.

Бұл жолы бірінші партияда Елена 6:1 есебімен айқын жеңді. Осыдан соң Анастасия дәрігерлердің көмегіне жүгініп, бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 40-ракеткасы, чехиялық Линда Носкова немесе рейтингте 58-сатыдағы 16 жастағы ресейлік Мирра Андрееваның біреуімен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары