×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Израильде ХАМАС кепілге алған тұтқындардың туыстары шеруге шықты

05.01.2024, 16:12
Коллаж Ulysmedia

Палестиналық ХАМАС қозғалысы кепіл ретінде ұстап отырған израильдіктердің отбасы мүшелері Израильдің төтенше жағдайлар министрі және әскери іс-қимылдар шағын кабинетінің мүшесі Бенни Ганцтың үйінің алдында наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Jerusalem Post газетіне сілтеме жасап.

"ХАМАС тұтқында ұстап отырған азаматтардың отбасы мүшелері жұма күні таңертең министр Бенни Ганцтың Рош-Ха-Аиндегі үйінің алдында наразылық білдіруге жиналды", - деп жазды газет.

Наразылық білдірушілердің нақты саны туралы мәлімет жоқ. Бірақ кем дегенде кепілге алынған бес адамның отбасы мүшелері Ганцтың үйінің алдына жиналғаны белгілі. Олар Израиль үкіметін тұтқындардың өмірін сақтау үшін барлық шараны қабылдауға, "тіпті атысты тоқтатуға" шақырды.

Бұған дейін Израиль президенті ХАМАС-пен бітімгершілік туралы мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары