×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Әлем рейтингі: Теннисші Елена Рыбакина 17 орынға көтерілді

14.09.2021, 13:53
фото: olympic.kz

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингі жаңарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

“Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өз позициясын жақсартып, қазір 17 орынға көтерілді. Ал Юлия Путинцева 11 сатыға төмендеп, 44 -ші орынға жайғасты. Зарина Дияс бес сатыға жоғарылап, әлем рейтингінде 105 -ші орында тұр”, – делінген ақпаратта.

Жұптық санат бойынша Анна Данилина бір саты жоғарылап, 88-орынға жайғасты. Өз кезегінде Жібек Құламбаева мен Гозал Айтиндинова 466 және 493 орындарды иеленді.

Серіктес жаңалықтары