Астананың №3 көпбейінді қалалық ауруханасында 5 484 гр салмақпен алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, дәрігерлер кесарь тілігіне жүгінбеді. Келіншек өздігінен табиғи жолмен босаныпты.
Сәбидің 35 жастағы анасы бұл оның үшінші баласы екенін айтты.
Өзге балалары да 4500 және 4050 гр салмақта дүниеге келген екен.
«Асқынусыз босанды, бірақ, әрине, ерекше назар аударуға тұрарлық. Іштегі нәрестенің үлкендігіне қарамастан, бәрі жақсы өтті. Ең бастысы – баланың дені сау және ана бақытты. Бұл біздің жұмысымыздың басты мақсаты», деп пікір білдірді акушер.
Әйелдерді босандыру бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қайырбекова салмағы бес келіден асатын балалар өте сирек дүниеге келетінін атап өтті.
«Перзентханамызды соңғы айда екінші осындай алып бала дүние есігін ашты. Желтоқсан айында салмағы 5 кг-дан асатын сәби дүниеге келген», деді ол.
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 191 сәби, 101 ұл және 90 қыз дүниеге келгені жөнінде ақпарат таратқан болатын.