×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

“Дәстүр” қылмысты ақтау үшін қолданылмаса екен - заңгер пікірі

11.01.2024, 15:39
Коллаж Ulysmedia

Белгілі феминист Әйгерім Құсайынқызы өзінің фейсбук парақшасында "Дәстүр" фильміне қатысты пікір білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz.

“Зорлыққа қарсы идеяны аңғармадым...”

Гендерлік теңдік мәсе­лесін зерттеп жүрген халық­аралық құқық магистрі еркек зорлаған қызды қылмескерге қосу дейтін дәстүр ешқашан болмағанын айтады. Дәстүр дегеніміз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын тұрмыстық және әлеуметтік ұстанымдар екенін еске салды.

“Қыз зорлаған еркекті қолына кісен кигізіп, түрмеге жапқанның орнына тақия кигізіп мешітке жіберген қоғамның әрекетін әшкерілегіміз келсе, мәселені тек имамның жынды шығару процесін көрсетумен ғана емес, заңды күшейту арқылы шешуге талпынғанымыз абзал. Құқықтық әрі зайырлы мемлекеттің қарапайым анықтамасы да осы.

“Дәстүр” фильмінен мен әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күреске үндеуді, қылмыскерлерді әшкерелеу мен заңды қатайтуды талап етуге талпынысты көрмедім. Менің көргенім (бұл менің жеке призмам ғана, өзгелерге тануға тырыспайпын): қызды зорлаған еркектің әрекетіне себепті заңның осалдығынан, әйел өмірінің құнсыздануынан емес, құран оқылмаған үй мен ішіне жын кірген “құрбан” еркектің әрекетсіздігін көрдім”, – дейді қоғам белсендісі.

“Нағыз қылмыс назардан тыс қалды”

Ол фильмдегі идея қызды зорлаған еркекті қалай жазалаймыз емес, қылмыс жасаған еркекті түсінуге тырысайық әрі себепті “шіріген парақор” жүйеден іздейік дегендей ой қалдыратынын айтты.

“Қызды зорлаған еркек БОЛАТ-тың қылмысы- оның жауапкершілігіндегі дүние емес, тым еркелеткен Нұрсұлтан мен ішіне кірген жынның әрекеті екен. Қолыңмен істегенді- мойныңмен көтер деп айту дәстүрге сай, бірақ қылмысты дәстүрмен ақтау нағыз қылмыс дегенді фильм көрсете алды ма? Маған көрсете алмады, қылмыскер еркектің әрекеті тылсым күштердің әсерінен және тәрбие бермеген ата-анасының әрекетінен деп көрсету- кезекті мәрте жауапкершіліктен безіну. Заңның осалдығын емес, діннің күшейгенін көрсету фильм миссиясы болса, онда сөзсіз дөп тиген фильм. Режиссер әр әрекетіне жауапты заңнан емес, дәстүр мен діннен іздейтін, үнемі әлсізді мәжбүрлейтін елдің бүгінін айнадай көрсетуге тырысса, құптар едім. Бірақ Болаттан имам жынды шығара алғанынан емес, әкесін өлтіріп алғаннан кейін есін жиюы да еркек өмірі біздің елде әйел өмірінен құнды екенін меңзейді.

“Стокгольм синдромы” да қылмыскердің адвокаты өз клиентін ақтау үшін ойлап тапқан жалған ұғым сияқты, “дәстүр” де қылмысты ақтау үшін қолданылмаса екен. Зорлық-қылмыс”, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары