Қазақстан футбол федерациясы шетелдік ойыншыларға лимитті алып тастаса, Түркияда, керісінше, жергілікті футбол клубтарында легионерлерге лимитті азайту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұған дейін Суперлигадағы әр клуб шетелдік паспорты бар 14 ойыншыны қатарға қоса алатын. Бұдан былай 12 футболшымен шектелуге тура келеді.
Десе де, өткен маусымда Түркия Қазақстан секілді түркітілдес елдердің өкілдері үшін шектеуді алып тастаған еді. Елдің футбол федерациясы осы ереже бойынша келісімшартқа қол қойған футболшылар келісім мерзімі аяқталғанға дейін легионер саналмайтынын мәлімдеді.
Осылайша, қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов шектеулерден тыс қалып, 2027 жылға дейін «Бешикташ» сапында алаңсыз ойнай береді.
Бұған дейін Бахтиердің “Бешикташ” сапында қанша жалақы алатынын жазған едік.