×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Елімізде соңғы тәулікте 92 өрт тіркелді

13.01.2024, 10:31
gov.kz

Соңғы 24 сағат ішінде ТЖМ желісіне 174 шақыру келіп түскен. Оның 92-сі  - өрт оқиғалары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іздеу, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға 82 шақыру келіп түскен. Нәтижесінде 19 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

"ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды қадағалауға, сондай-ақ алыс сапарларға шықпауға шақырады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Төтеншеліктердің жұмысы әрқашан жанталасқа толы. Естеріңізге салсақ, құтқарушылар жаңа жыл қарсаңында талай адамның өмірін сақтап қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары