×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Әйелін қызғанған»: Өскеменде тапа-тал түсте ер адамды атып кетті

13.01.2024, 23:20
«Әйелін қызғанған»: Өскеменде тапа-тал түсте ер адамды атып кетті
Фото: Скриншот

Оқиға 13 қаңтар күні түс ауа қаладағы Қазақстан көшесі 98/1 мекенжайында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы жергілікті Buqara.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлер аталған фактіге қатысты фотосуреттерді түрлі әлеуметтік желіге таратып, бірнеше парақша атыс болған сәт туралы бейнежазбаны жариялаған.Кадрда көпқабатты үйдің ауласында келе жатқан адамды біреу екі рет атады. Әрі қарай оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп, жағдайдың ақ-қарасын анықтаған. Облыстық полиция департаменті мәліметінше, қаладағы «102» арнасына қоңырау түскен.

– Хабарласқан адам подъездердің бірінің жанында қансыраған ер адамның жатқанын айтты. Жеткен бойда мәйітті көрдік. Алдын ала дерекке сәйкес, ер адам атыс қаруынан көз жұмды. Әрі қарай патрульдік полицейлерге дереу бағдар беріліп, күдікті 10 минутта қолға түсті, – делінген ақпаратта.

Республика бойынша азаматтарды қорғау қорының өкілі Артур Абдулкадыровтың мәліметінше, түс ауа атылған адам 1990-шы жылы туған.

– Алдын ала дерекке сүйенсек, оқ мойын мен иектің маңайына тиді. Осы жайтқа байланысты 1997 жылы туған тұрғын ұсталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 2000 жылы туған жұбайына деген қызғаныш осыған себепші болды, – дейді ол.

Дегенмен полиция бұған қатысты ақпар ұсынбаған. Қазір аталған фактіге сәйкес қылмыстық Кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.