×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

West Oil Software компаниясындағы ереуіл: талабын айтқандарға қысым көрсетілуде

14.01.2024, 08:32
бейнежазбадағы кадр

Маңғыстау облысындағы West Oil Softwar мұнай сервистік компаниясының бір айдан астам уақыт бойы ереуілде жүрген жүздеген қызметкерлері ереуілге қатысушыларға қысымды тоқтатуды талап етіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.

Демократиялық принциптерге қайшы

13 қаңтарда жарияланған үндеуде ереуілге қатысушылар жұмыстан шығарылған 7 адам полицияға шақырылғанын хабарлады. Қызметкерлердің айтуынша, олар қылмыстық кодекстің 402-бабы бойынша қозғалған істе куәгер ретінде шақырылған ("сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға түрткі болатын әрекеттер").

"500-ден астам азаматтық дауыс есептелмейді және бізге тек қысым жасалады. Бұл зайырлы демократиялық мемлекеттің принциптеріне қайшы келмей ме? Біз ереуілге қатысушылардың құқықтарын құрметтеуді талап етеміз", - дейді жұмысшылар.

Жұмысшылардың талабы қандай

Естеріңізге салсақ, кәсіпорын жұмысшылары 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап жұмысты толығымен тоқтатып, ереуілге шыққан.

Олар аталған мекеменің өндірістегі материалдық техникалық базасын жаңарту, мекеме жұмысшыларын «КазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қосу, еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесінің тарифімен теңестіру талаптарын қойған. 

Сот ереуілді заңсыз деп таныды

Алайда, жұмыскерлер «West Oil Software» ЖШС-нің басшылығына ереуіл өткізетіні туралы хабарламаған, яғни ереуіл өткізу ұзақтығы және орындалатын қажетті жұмыстардың ең аз көлемі жөнінде ұсыныстар көрсетілмеген.  

Осылайша, Қарақия аудандық сотына талап қоюшы ««West Oil Software» ЖШС-і жұмыскерлердің ереуілін заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінген.

«West Oil Software» ЖШС-нің Жетібай технологиялық көлік басқармасының қызметінің тоқтауы қауіпті өндірістік обьектілер қатарына жатқызылған.

Сот шешімімен  «West Oil Software» ЖШС-нің талап қоюы қанағаттандырылып, жұмыскерлердің ереуілі  заңсыз деп танылды.

Сәтқалиев не дейді

Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Маңғыстау облысындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Бұған дейін комиссия облысқа келіп, мән-жайды анықтаған болатын. Талаптар бойынша біз ҚМГ акционерлерін шақырдық және директорлар кеңесі деңгейінде техниканы ауыстыру туралы шешім қабылдадық. ҚМГ-да жұмысқа орналасу мәселесіне келетін болсақ, бұған дейін осы қызметкерлердің көпшілігі арнайы механизм бойынша мердігер ұйымға өз еркімен жұмысқа ауыстырылған еді. Бұл мәселе азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты туындауда", - деді ол.

Жағдай ерекше назар аударуды қажет етеді. Бірақ сақталуы керек заңдар бар. Қарым-қатынастар мен жауапкершілік мәселелері бар. Заңды болған талаптар орындалды. Сіз не ұсынасыз? Заңды бұза отырып, оларды штатқа ауыстыру керек пе? Штат кестесі бар, жұмысқа орналасу ережелері бар, заңдар бар. Қажет болса, мен облысқа шығуға дайынмын. Бірақ шешім қабылданатын құзыреттілік деңгейі бар. Бұл – тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы қарым - қатынас", - деген еді министр.

Ал жұмысшылардың өз ақиқаты бар. Ереуілге шыққандар билікке заңнамаға сәйкес талаптар қойғанын алға тартып отыр.

Серіктес жаңалықтары