×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Australian Open-2024: Юлия Путинцева жекелей сында жеңілді

15.01.2024, 14:26
Australian Open сайты

Мельбурнда басталған Аустралия ашық біріншілігінің алғашқы айналымында Юлия Путинцева Ресей теннисшісі Анастасия Захаровадан ұтылып қалды, жазады Ulysmedia.kz.

Бұл жерлесіміз үшін күтпеген жеңіліс еді, өйткені қарсылас қыз Юлиядан (190 WTA) рейтинг бойынша әлдеқайда төменде тұр.

Матчтың қорытынды есебі  – 6:2, 0:6, 3:6.

1 сағат 50 минутқа созылған кездесуде Путинцева допты ойынға қосарда бір рет қосар қателік жіберіп, жеті брейк пойнттың төртеуін ғана сәтті орындады. Ал екінші айналымға жолдама алған Захарова үш рет эйс жасап, он екі брейк-пойнттың алтауын сәтті орындады.

Путинцева турнирмен қоштаспайды. Ертең жұптық сында Камила Осориомен (Колумбия) бірге Катерина Синиакова (Чехия)/Сторм Хантер (Аустралия) жұбына қарсы ойнайды.

Ерік Ильясов, Мельбурннан.

Серіктес жаңалықтары