×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Соғыс бастаған айуан өле қалсын»: Ресей билігі пост жазған депутатқа іздеу жариялады

17.01.2024, 13:49
«Соғыс бастаған айуан өле қалсын»: Ресей билігі  пост жазған депутатқа іздеу жариялады
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейде президент Владимир Путинді сынап, Украинадағы соғысқа қарсы шыққан Пермь қалалық думасының депутаты Сергей Медведевке халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Медведев нақты қандай бап бойынша айыпталатыны хабарланбаған.

"Жаңа серік" басылымы депутаттың Ресейден кеткенін хабарлайды. Десе де, оның әлі Ресейде екенін де жазып жатқан басылымдар бар.

2023 жылдың 31 желтоқсанында Сергей Медведев өзінің "ВКонтакте" парақшасында Украинадағы соғысқа қарсы шығып, Владимир Путинді "құбыжыққа" теңеп, пост жариялаған.

– Осы соғысты бастаған айуан өле қалсын. Қарғыс мыңдаған адамның тағдырына балта шапқандарды тапсын! Ресейдің бүгінге қандай елге айналып кеткенін елестетудің өзі қиын. Өз ашуынан басы айналып, алданып қалған жұрт бұл! Ресей, оян! Сені өлтіріп жатыр, – деп пост жазған бұған дейін Сергей Медведев.

Еске сала кетейік, Ресей әскері 2022 жылдың 22 ақпанында Украинаға бірнеше бағытта басып кірген еді. Содан бері екі ел бітіспей соғысып жатыр.

Таяуда Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Батыс елдерінің қолдауы болмаса да, Украина берілмейтінін ескерткен еді.