×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Слайдта бәрі әдемі: Бизнесмендер құрылыс кодексіне қарсы шықты

17.01.2024, 16:13
Слайдта бәрі әдемі: Бизнесмендер құрылыс кодексіне қарсы шықты
Freepik

Олар елдімекендердің құрылысын жүйелеу бойынша негізгі проблеманы кодекс шешпейтінін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарсылық қайда айтылды

Баспасөз мәслихаты барысында "Атамекен" ҰКП төралқасының құрылыс және ТҮКШ комитетінің басшысы Ирина Манжанова мәжіліс депутаттарының қарауына енгізілген құрылыс кодексі туралы айтты.

Ол өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құжат таныстылылған кезде жобада бәрі тамаша жазылғанын атап өтті, деп жазады Kapital.kz.

– Слайдтардың бәрі әдемі. Онда тактика, стратегия, мағынасы мен мәні өте жақсы көрсетілген, бірақ кодекстің өзінде бұл жоқ және біз қойған сұрақтарға слайдтарда жауап болған жоқ, – деді ол.

Сонымен қатар, QAZPROPERTY коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар қауымдастығы комитетінің басшысы Қайрат Көкенов бұл құрылыс кодексі елдімекендерді салуды жүйелеу бойынша негізгі проблеманы шешпейтінін атап өтті.

– Қазір Қазақстанда салалық стратегия, индустрия стратегиясы жоқ. Менің ойымша, бұл министрлік пен кәсіби қоғамдастықтың неге бір пікірге келе алмайтынының түпкі проблемасы саналады. Өйткені бізде баратын стратегиялық мақсат жоқ. Сол жерден қандай құжат болуы керек екендігі туралы әртүрлі түсінік бар, - деді ол.

Сарапшылардың пайымдауынша, бүгінде ақша қозғалысы басталатын кезеңдер ғана реттеледі. Бұл жер учаскесін бөлуден, жобалау алдындағы жұмыстардан,  жобалаудан, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуден басталады.

Құрылыс кодексі

Қазақстанда жалпы құрылыс сапасын арттыру мақсатында құрылыс салушыларға қойылатын талаптар күшейтіледі. Мұндай нормалар мәжіліс депутаттары жұмысқа кіріскен құрылыс кодексінің жобасында бар. Палатаның жалпы отырысы кезінде депутат Нұртай Сәбилянов құрылыс кодексінің және оған ілеспе заң жобасының жобасы мемлекет басшысының жолдауын іске асыру мақсатында әзірленгенін мәлімдеген.