×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақ балаларын шетелге кімдер сатты

18.01.2024, 08:11
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұған дейін Qora Koz подкастында 21 ғасырдың басында Қазақстаннан балаларды шетелге сату тақырыбы талқыланған болатын. Қылмыстардың артында Қазақстанның білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер тұруы мүмкін екендігі аталып өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сөз барысында журналист Жанар Байсемізова балаларды сату ісінің артында Шер тұруы мүмкін екенін айтқан. Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі айыптауларды "негізсіз" деп атайды.

Ол тоқсаныншы жылдары балалар әкімдердің шешімі бойынша шетелдіктерге асырап алуға берілгенін еске салады. 1998 жылы "Неке және отбасы туралы" заң қабылданған. Онда сот шешімімен ғана жетімдерді асырап алуға болады деген сөз болған. Шетелдіктердің асырап алған балаларын бақылау ісі сыртқы істер министрлігіне жүктелген.

– 2006 жылдан бастап ҚР БҒМ бас прокуратурамен бірге (олардың бастамасы бойынша) 4 жыл бойы парламентшілерді осы ратификацияның қажеттігіне сендіргісі келді. Ратификацияланғаннан кейін ғана әділет министрлігі "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексін әзірледі. Конвенцияны ратификациялау біздің балаларымыздың шетелдіктерге берілуінің азаюына әкелді. Ал Қазақстан азаматтары бала асырап алудан бас тартты деген пікірлер дұрыс емес. Біздің азаматтар өте жас және дені сау, ал шетелдіктер әртүрлі балаларды, соның ішінде науқас балаларды да асырап алуды жөн көрді, – дейді ол.

Шер сонымен қатар "хайп" жасаудың қажеті жоқ дегенге келтіреді.

– Жағымды мысал баршылық. Бұл ретте, әрине, балалар үйлері мен перзентханаларға, жергілікті жерлердегі қорғаншылық органдарына үнемі сұрақ туындайтын. Өйткені, әдетте, біздің азаматтар дәл сол жерге барған кезде оларға бала асырап алу мүмкіндігі берілмейтін. Баюға келер болсақ, пәтерден басқа менде ештеңе жоқ: көлік те, жинақ та, шетелдегі жылжымайтын мүлік те жоқ. Сондықтан мен әлі күнге дейін жұмыс істеймін. Жасыма қарамастан өзімді сұранысқа ие маманмын деп санаймын. Маған тағылған айыптар негізсіз, - дейді ол.

Ал қоғам өкілі Гүлбану Әбенова Шерді сынға алады.

– Ол 71 жаста және қосымша білім беру орталығының директоры. Керемет, иә? Біздің елімізде 45-тен кейінгі әйелдерге жұмысқа орналасу қиын, барлық жерде эйджизм бар, - дейді ол.

Раиса Шер деген кім:

1996-1999 жылдары I сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты.

1994-1996 жылдары Алматы қаласы қалалық мәслихатының депутаты.

1999-2006 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің тәрбие және интернат мекемелері бөлімінің бастығы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және ақпараттық-талдау жұмысы басқармасының бастығы.

2006-2009 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры.

2018 жылдың қараша айынан бері балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесші.

Серіктес жаңалықтары