×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресейліктер Қазақстанда 10 мыңға жуық компания ашқан

18.01.2024, 17:11
Ресейліктер Қазақстанда 10 мыңға жуық компания ашқан
Фото: Ашық дереккөзден

Сарапшылар ресейліктердің қай елдерде бизнесті жиі тіркейтінін анықтады. Бұл туралы Ulysmedia.kz порталы Forbes басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан

2023 жылы Қазақстанда ресейлік меншік иелері 6100 жаңа компанияны құрған.

2022 жылы Ресей Украинаға толыққанды әскери шапқыншылығы басталған жылы ресейліктер Қазақстанға 3500-ге жуық компанияны тіркеп үлгерген.

Ресей азаматтары 2023 жылы бизнес ашқан басқа елдер:

  • Грузия - 13 мың заңды тұлға;
  • Армения мен Черногория – әрқайсысы 3400 заңды тұлға;
  • Сербия - шамамен 3000 компания;
  • Түркия - шамамен 2750 заңды тұлға;
  • БАӘ - шамамен 850 компания;
  • Өзбекстан – 745 заңды тұлға.

Украинада соғыс басталғаннан кейін ресейлік компаниялардың кеңселері басқа елдерге көше бастады. 2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан 35 ірі шетелдік компанияны таңдағаны хабарланды. Олардың ішінде Honeywell, TikTok, Entriver, Fortescue, Alstom компаниялары бар.

Бұған дейін Ресейдің ірі компаниялары Кипрден Қазақстан сияқты көрші елдерге көшуді бастағаны хабарланған болатын. Басылым бұл үрдісті Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуге қарсы тұруға бағытталған саясатпен түсіндіреді.

Мәселен, 2023 жылдың тамызында Polymetal алтын өндіруші компаниясы Джерси аралынан Қазақстанға көшіп келді. Бұл қадамға компания санкцияға ілінгеннен кейін барған.

2023 жылдың қазан айында Fix Price компаниясы Кипрден Қазақстанға көшу жоспарланып отырғанын хабарлады. Ал жақында әйгілі пицца тізбегіне иелік ететін Dodo Brands Британдық Виргин аралдарының оффшорынан кететіні белгілі болды.