×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

БҚО-да үй салатын компания үлескерлерге 100 мың теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді

19.01.2024, 14:12
Фото: Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2022 жылы өңірдегі құрылыс салушылардың бірінен пәтер сатып алған 15 тұрғынның талабын қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Істің мән-жайы

Тергеу мәліметтері бойынша, БҚО тұрғындары құрылыс ақауларына қарамастан құрылыс салушыдан тұрғын үй сатып алған. Өйткені компания барлық кемшіліктерді жоюға уәде берген, бірақ орындамаған. Ауызша өтініштер мен жазбаша шағымның жолдануы мәселені шешпеген.

Тұтынушылар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жүгініп, тексеру жүргізілген. Заңбұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарған. Алайда құрылыс салушы өз міндеттемелерін қайтадан орындамаған.

Сонымен қатар, басқарма ұйғарымында заңбұзушылықтардың тек сегіз тармағы көрсетілген, ал шындығында үйде ақаул әлдеқайда көп.

Сот шешімі

Сот құрылыс компаниясына заңбұзушылықтарды жойып, әрбір өтініш берушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен 100 мың теңге, сондай-ақ мемлекеттік баж сомасы 46 мың теңге өндіріп алуға міндеттеді.

Серіктес жаңалықтары