×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Рақышева жоқ: AirAstana кімдердің иелігінде

19.01.2024, 17:22
Рақышева жоқ: AirAstana кімдердің иелігінде
Коллаж: ulysmedia.kz.

Самұрық-Қазына қорының өкілі әуе компаниясы акцияларының иелерін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Былтыр қараша айында Азаттық басылымының журналистері Рахат Әлиев пен Виктор Храпуновтың айғақтарына сенетін болсақ, Назарбаевтың "екінші әйелі" болып табылатын Гүлнар Рақышева туралы зерттеу материалын жариялаған еді. Материалда журналистер Рақышеваның "AirAstana авиакомпаниясының вице-президенті болғанын" атап өткен.

Ulysmedia.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Адиходжаевтың сол ақпаратқа байланысты түсініктеме беруді сұрады.

– Қазір акционерлердің ресми тізіліміне сүйене отырып, акциялардың 51%-ы "Самұрық-Қазына" қорына және 49% - B BAE Systems британдық акционеріне тиесілі. Басқа адамдардың, соның ішінде сіз атағандар жайлы еш ақпарат жоқ, - деді Адиходжаев.

Назарбаев "Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа дейін" атты кітабында Әсел Құрманбаеваның әйелі екенін мойындаған. Рақышевамен қарым-қатынасы туралы кітапта ештеңе жоқ.