Жыл басында такси қызметтерінің құны 1 шақырым үшін 00,61 долларды құрады, ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Әзербайжанда тариф 00,59, Ресейде 00,34, Беларусбте 00,31, Армения мен Өзбекстанда 00,3 долларды құраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстандық таксопарктердің табысы 2023 жылы шамамен 6 млрд теңгеге жетті.
– 2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы 17% артып, 5,9 млрд теңгеге жетті. Бір жыл ішінде 47,4 млн адам такси қызметін пайдаланды - бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% аз, - делінген хабарламада.
2023 жылғы желтоқсанда Қазақстанда таксиге бару құны өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,1% өсті. Алматы тұрғындары бір жыл ішінде бағаның ең елеулі өсіміне тап болды, ол 30,3% құрады. Құнның өсуі бойынша екінші және үшінші орындарда тиісінше Ақтөбе және Абай облыстары (өсім 22,1% және 17%) тұр.
Маңғыстау облысы такси қызметтері құнының ең аз жылдық өсімін 1,2% тіркеді. Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бағалар былтырғы деңгейде қалды.