Германияның бірнеше қаласында құрамында нео-нацистердің болуына байланысты "Германияға балама" партиясына қарсы жаппай наразылық болып өтті. Демонстрациялар Берлин, Потсдам, Кельн қаласында ұйымдастырылды. Гамбургтегі жұмадағы наразылық ең ауқымды сипатқа ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Германиядағы жаппай наразылықтар ультраоңшылдар мен нео-нацистердің "Германияға балама" (ADH) жоғары дәрежелі мүшелерімен құпия кездесуінен кейін басталды. Құпия кездесу болғанын тергеу жариялаған. Бұл жиналыста, журналистердің пікірінше, нацистік саясатқа байланысты идеялар айтылған.
– Гамбургте өткен демонстрацияда жұрттың көп жиналғаны соншалық, ұйымдастырушылар қауіпсіздік үшін оны мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды, – дейді жергілікті құқық қорғау органдары.
Полицияның бағалауынша, наразылыққа 50 мыңға жуық адам шыққан. Бірақ ұйымдастырушылар 80 мыңға дейін адам жиналғанын хабарлайды.
Наразылық білдірушілер АдГ-ның оңшыл партиясына тыйым салуға шақырады. Ал Германияның басқа саяси топтары шектеу шараларынан партияның танымалдығы мен қоғамдағы экстремистік көзқарастарының кең тарауын одан әрі өсуіне әкелмей ме деп қауіптенеді.
Ал партия өкілдері жауап ретінде тыйым – демократия принциптерін бұзады деп жауап берді.
Жалпы Еуропада оңшыл күштер барған сайын қарқынын үдетіп барады. Бұл қатардағы елдерде Венгрия, Италия, Испания, Австрия, Финляндия, Швеция, Нидерланды, Германия, Франция бар.