Су тапшылығы мен шығындардың өсуіне байланысты егіс алқаптары азайып барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақпарат қайдан тарады?
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі күрішті көтерме сату нарығын талдау нәтижесін жариялады. Талдау нарықтағы негізгі өндірушілер (20-дан астам) Қызылорда облысында орналасқаны аталып өткен.
– Меншікті өндірістің төмендеуі мен импорт үлесінің жылдар бойынша динамикада 4-тен 12% дейін ұлғайғаны байқалады. Судың жетіспеушілігіне және шығындардың өсуіне байланысты егіс алқаптарының шарасыз азайып бара жатқаны байқалады. Бұл ішкі бағалардың жоғары өсім динамикасының басты себебі болды. Егер 2022 жылы күріш бағасының өсімі 36% құраса, 2023 жылы 39% құрады. Бұл былтыр 3,4% құраған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімінің жалпы деңгейінен едәуір асып түсті, - делінген хабарламада.
Күріш өндірісінің қысқару себептерінің ішінде суармалы судың жетіспеушілігі, ауыл шаруашылығы техникасына, тыңайтқыштар мен импорттық өндірістің қаптамасына бағаның өсуі, субсидиялардың уақтылы берілмеуі бар.
Осыған байланысты монополияға қарсы орган субсидиялар бөлу кезінде күрішті басым дақылдар тізбесіне енгізу жөнінде ұсыныстар енгізген.
Қазақстандағы күріш
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда бірнеше жыл ішінде күріштің ең қатты қымбаттау көрсеткіші тіркелгені хабарланған болатын.