×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ауадан ақша жасайды: Риэлторлар қарапайым адамдарды қалай алдайды

22.01.2024, 17:38
Ауадан ақша жасайды: Риэлторлар қарапайым адамдарды қалай алдайды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астанада клиенттерінің бірі өзі сатқан пәтері үшін риэлтор компаниясы ақы алуға тырысқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселе неден туындады?

Астананың Назым Жүнісова есімді тұрғыны прокуратураға арыз жолдаған. Ол өзінің пәтерін жарнама сайты арқылы сату үшін жариялағанын айтады. Кейінірек оған елордадағы риэлторлар агенттігінің қызметкерлері хабарласып, шарттарды талқылау үшін әңгімеге шақырған.

– Жұбайым екеуміз кеңсеге келдік. Агенттік менеджері эксклюзивті шарт ұсынды. Біз осы шарт риэлтор қызметтерінің үлгілік шарты сияқты талаптарды көтереді деп ойлай отырып, қызметтер үшін төлем сомасы бойынша тез көз жүгіртіп, тараптардың деректемелерін тексеріп, оған қол қойдық. Менеджердің айла-амалы – құжат мәтінінде шарттың маңызды талаптарын оқуға мүмкіндік болмайтындай етіп жасау. Сөйлескен кезде менеджер әлеуетті сатып алушыларды ең жақсы жолмен табуға, мәміле жасауға, барлық анықтаманыы жинауға және тағы уәдені үйіп-төкті. Эксклюзивті шарттың талаптары бойынша серіктестік жылжымайтын мүлік объектісіне сатып алушыны іздеу міндеттемесін өзіне алды, - дейді әйел.

"Пәтерімді сатып бермеді"

Алайда екі апта ішінде риэлторлар бірде-бір клиентті әкелмеген. Жүнісованың айтуынша, шарттағы талаптар орындалмаған. Ақыры, әйел агенттікке отбасындағы жағдайға байланысты шартты бұзғаны туралы өтініш жазған.

Осыдан кейін әйелдің өзі сатып алушыларды тауып, пәтерін сатқан.

– 2023 жылдың қараша айының соңында маған арбитраж сотынан агенттіктің талабы негізінде 400 мың теңге көлемінде қызмет құнын өндіруім үшін, 284 мың теңге мөлшерінде қызмет көрсету бойынша "төлемақыны енгізу мерзімдерін бұзғаным" үшін өсімпұл, 540 мың теңге мөлшерінде шарттарды бұзғаным үшін айыппұл төлеуім керектігі туралы хабарлама келді.  Не үшін? Талабында агенттік шарттың күшінде болған кезінде нысанға сатып алушыларды өзім іздестірмеуіме және басқа жеке немесе заңды тұлғалармен осындай шарттар жасаспауға, сондай-ақ әлеуетті сатып алушылармен немесе олардың өкілдерімен байланысқа түспеу жөнінде көрсетілген шарттың тармақтарына сілтеме жасайды. Бұл тармақ менің меншік иесі ретіндегі құқықтарымды бұзады деп санаймын. Өз мүлкіме иелік ету, пайдалану және билік ету құқықтары өзімде деп есептеймін, - деді ол.

Сот және риэлторлар

– Сонымен қатар, риэлтор агенттігінің "меншікті" астаналық арбитраж соты төраға мен төреші атынан олардың негізсіз шешімдеріне мөр басады. Қарапайым азаматтардан көп ақша өндіріп алады, өйткені төреші заңсыз шешім үшін жауапсыз әрі жазасыз қалуға әкеп соқтыратын жауапсыз шешім үшін жауап бермейді. Қазақстанда риэлторлардың қызметін реттейтін, сондай-ақ қандай да бір мемлекеттік органды бақыламайтын заң жоқ. Сондықтан, бұл риэлторлық агенттік жазасыз қалатынын пайдаланып, ауадан ақша жасайды, алаяқтық әрекеттермен айналысады және қарапайым азаматтарды әртүрлі тәсілдермен алдайды деп айтуға болады. Біз, алданған жәбірленушілер, 4-тен астам адам жиналды және одан да көп болуы мүмкін, - деді Жүнісова.

Ол прокурорлардан риэлторларды тексеруді сұрайды.

Тұрғын үй

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда тұрғын үй сатып алу және жалға алу бағасы өскені туралы хабарланған болатын.