×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтерге жаңа соққылар жасады

23.01.2024, 08:53
Фото: U.S. CENTRAL COMMAND В Х

АҚШ пен Ұлыбритания Йеменде сегіз нысанаға бірлескен әуе шабуылдарының жаңа сериясын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Пентагон мәлім еткендей, соққылар жерасты қоймасы мен хуситтердің «зымыран және барлау жүйесіне» бағытталған.

Йемендік ақпарат құралдары соққылар ел астанасы Санамен қатар елдің басқа да аймақтарына жасалғанын жарыса жазып жатыр.

Иран қолдап отырған хуситтер Израильмен байланысты деп санайтын және Қызыл теңіз арқылы өтетін маңызды сауда жолымен жүретін кемелерге соққылар жасап жатыр.
 

Біздің мақсатымыз – әлі де шиеленісті бәсеңдету және Қызыл теңіздегі тұрақтылықты қалпына келтіру, бірақ біз хусит басшылығына тағы да ескертеміз: біз адамдардың өмірін және әлемдегі ең маңызды су жолдарының бірінде еркін сауданы қорғаудан тартынбаймыз, - делінген Пентагон мәлімдемесінде.


Еске салсақ, бұл – АҚШ-тың Йемендегі нысандарға 8-соққысы және Ұлыбританиямен бірлесіп жасаған 2-операция.

Серіктес жаңалықтары