×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Болашақ» студенттері қай елдерде оқып жатыр

internationalwealth.info

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2023/2024 оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарындағы студенттердің жалпы саны 642 мыңнан астам адамды құрайды. Оның ішінде 255 685 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бакалавриат – 592 мың адам, оның 227 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша;

магистратура – ​​36 мың адам, оның 19 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша;

докторантура – ​​5 мың адам, оның 4 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша;

резидентура – ​​7 мың адам, оның 5 мыңға жуығы мемлекеттік тапсырыс бойынша;

«Болашақ» стипендиясы бойынша – 1171 студент, оның 132-сі докторантурада, 633-і магистратурада, 118-і тағылымдамадан, 286-сы ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

Бұл ретте магистратурада сұранысқа ие мамандықтар: ақпараттық технологиялар, инновациялық менеджмент, мемлекеттік саясат, жобаларды басқару, докторантурада: білім беру менеджменті.

«Болашақ» стипендиясының иегерлері АҚШ (576), Еуропа елдері (131), Ұлыбритания (321), Азия елдері (62), Канада (16), Ресей және ТМД (31), Океания (34) сияқты елдерде білім алуда.

Халықаралық шарттар аясында 2023/2024 оқу жылына 243 қазақстандық Венгрия (178), Қытай (33), Тәжікстан (14), Польша (10), Әзербайжан (6) және Қырғызстанға (2) оқуға ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары