×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Депутат Динара Шүкіжанова мәжіліспен қош айтысты

24.01.2024, 09:06
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, депутат міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген. Осыған байланысты депутаттар қаулы жобасын қолдап дауыс берді. 93 депутаттың 91 қолдап дауыс берді. Екі депутат қалыс қалды.

– Парламент қабырғасында алған тәжірибем шексіз. Мен партияның тең төрағасы болып қала беремін. Халықтың әрі бизнестің мүддесін қорғай беремін. Өңірге өндіріс саласына кетіп барамын. Жаңа инвесторларды тарту жұмысын жалғастырамын, – дейді Шүкіжанова.

Республикалықтардан парламентте кімдер бар?

Айта кетейік, Мәжілістің жаңа құрамы былтыр жасақталған.

2023 жылдың 19 наурыздағы сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 8,59% дауысын жинаған Respublica партиясынан парламенттің төменгі палатасына 6 адам өткен еді.

  • Айдарбек Қожаназаров
  • Динара Шүкіжанова (бүгін өкілеттігін тапсырды)
  • Динара Наумова
  • Руслан Берденов
  • Нұргүл Тау
  • Олжас Кұспеков
Серіктес жаңалықтары