×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Мұғалімдерге 700 мың теңгеге жалған сертификат сатқан»: Өскеменде бірнеше адам тергеліп жатыр

24.01.2024, 12:23
«Мұғалімдерге 700 мың теңгеге жалған сертификат сатқан»: Өскеменде бірнеше адам тергеліп жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «алаяқтық» бабы бойынша Өскемен қаласының тұрғынына және басқа адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұлар алдау арқылы азаматтардың қаражаттарын аса ірі мөлшерде иемденген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу барысында күдікті 2022 жылдың маусымы мен 2023 жылдың шілдесі аралығында біліктілік алу үшін тестілеуден сәтті өткені туралы сертификат беру сылтауымен алдау жолымен 52 азаматтың жалпы сомасы 17,4 млн теңге ақшалай қаражатын иемденгені анықталған. Бір жалған сертификаттың құны 200 мыңнан 700 мың теңге аралығында болған.

– Сондай-ақ күдікті ҰБТ-ны сәтті өткендігі туралы сертификат беру сылтауымен облыстың 2 азаматының жалпы сомасы 2,4 млн теңгеге ақшалай қаражатын иеленген. 
Материалдық залалдың жалпы сомасы 19,8 млн теңгені құрады, – дейді антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қаржылық тергеп-тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша, залалды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында, қылмыстық іс фигурантының автокөлік құралына тыйым салынды. Сот санкциясымен күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.