×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Белсенділігі үшін өлтірген: Ғалы Бақтыбаевтың ісі бойынша үкім шықты

25.01.2024, 08:52
Коллаж: ulysmedia.kz.

Кінәлі! Бұл үкім Көкшетау сотында болған қылмыстан кейін 5 жыл өткен соң ғана оқылды. Қарағанды облысының төрт тұрғыны белсенді Ғалы Бақтыбаевты өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотталғандарға атыс қаруын қолданып, денсаулыққа зиян келтірді, жалпы қаруды заңсыз сатып алды және пайда табу үшін белсенді Ғалы Бақтыбаевты өлтірді деген айып тағылған.

Ғалы Бақтыбаев кім еді?

Жұртты дүрліктірген қайғылы оқиға 2019 жылдың мамыр айында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында болды. Бақтыбаевқа екі рет оқ атылды. Жалданғандарды тіпті марқұмның соның бәрін өз көзімен көрген жұбайы да тоқтата алмаған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2019 жылы мерзімінен бұрын белгіленген президентт сайлауы алдында болған. Куәгерлер әйелінің қансырап жатқан күйеуін үйге сүйреп жеткізгенін, ал ұлы мен достары атылған оқ дыбысынаа жүгіріп келгенін, одан бірнеше минут бұрын көлікпен үйге әкелгенін айтып берген.

Атасудың 59 жастағы тұрғыны сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрескен күрескер ретінде танымал болған. Оны қорқытқандар, үйінің терезелеріне оқ атып, ұрып та кеткен. "Тыныш отыр, писарь" деп жазба қалдырып кеткендер де болды.

Ғалы Бақтыбаев - екінші топтағы мүгедек, заңгерлік білімі жоқ, бірақ ауылдастарының өтініштері, шағымдары мен талап-арыздарын жазуға көмектескен. Ауылдастары оның бүкіл ауылға жарық тартуға көмектескісі келгенін есіне алады. Ірі энергокомпаниядан 300 млн теңгені сот арқылы өндіріп алмақ болған.

Бірақ Бақтыбаевтың азаматтық белсенділігін бәрі бірдей қолдаған жоқ. Тіс қайрағандар да табылды.

Бақтыбаев кімнің жолын кесті?

Тапсырыспен кісі өлтірді деген айып бойынша экс-полиция қызметкері Ғалым Ахметжанов, кәсіпкер Азамат Бөкенаев, Эльдар Жәкен және Иман Мияшов сотқа тартылды.

Тергеушілер ауданның проблемалары туралы ашық айтқан Бақтыбаевқа тіс қайрап жүргендер барын анықтаған. Ақыры, осы төртеуі ұсталған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар алдымен белсендіні сабау үшін ұрда-жық Мияшов пен Жакенді жалдаған, кейінірек Мияшов өлтір деген бұйрықты орындаған.

Сондай-ақ, Бақтыбаевты атқаннан кейін екі аптадан соң Мияшов тағы бір қылмыс жасап, Ақмола облысында Мияшов заңсыз ұстаған травматикалық пистолетпен тағы оқ атқан. 

Үкім

Бес жыл ішінде Ғалы Бақтыбаевты өлтіру туралы істі Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы соттары қарады. Алқабилер күдіктілерді екі рет ақтады. Бірақ белсендінің туыстары үкіммен келіспей, шағымдана берді.

Ақыры, Жоғарғы сот істі Ақмола аудандық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жіберді, онда оны алқабилер де қарады.

Олардың үкімі – сотталушылардың төртеуі де кінәлі. Ұйымдастырушылар – Ғалым Ахмеджанов пен Азамат Бөкенбаев 15 жылдан 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы полиция қызметкері Ғалым Ахмеджанов "полиция подполковнигі" атағынан айырылды.

Орындаушы Иман Мияшов қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі, 107-бөлігі 2-бөлігі, 4-тармағы, 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармағы, 106-бабы 1-бөлігі, 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотталды. 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Эльдар Жәкен ҚР ҚК 107-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша темір тордың артында 3 жыл өткізуі тиіс еді, бірақ ол жаза мерзімі өтіп кеткендіктен босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Авторы Сәуле Құсайынова

Серіктес жаңалықтары