×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Жұмбақ жігіт 6 баласы бар жалғызбасты анаға үй сыйлады

27.01.2024, 14:14
Коллаж

Қара бетперде таққан жұмбақ жігіт кезекті қайырымдылығын жария етті. Ол алты баласы бар жалғызбасты әйелге баспананың кілтін сыйлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

"Алты баласы бар жалғызбасты әйелдің бір ұлы қант диабетіне шалдыққан. Әйелдің өзінің жүрегіне байланысты проблемасы бар. Олар жалдамалы пәтерде тұрады", - деп жазылған бейнежазбада.

Қара бетперде таққан жігіт әйелге үй сыйлап, қаржылай көмек көрсетті. Желі қолданушылары қайырымды жігітке риза болды.

"Көзіме жас келді, Алла разы болсын", "Қайыр сұрап сұлап жатпай, араққа салынбай балаларын бағып қағып жүрген текті ана екен", "Ешкімнен көмек сұрамай, Алланың көмегімен жеткізіп жүрмін дейді. Ер мінезді әйел екен. Жарайсың!", - деп жазды олар.

Серіктес жаңалықтары