Маңғыстау облысының прокуратурасы 2023 жылға арналған жұмыс қорытындысын баяндады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Онда экономикалық мүдделерді қорғау саласында қадағалау актілері бойынша мемлекет кірісіне 1,7 миллиард теңге өндірілгені жазылған.
Сондай-ақ мемлекетке 9 миллиард теңгенің мүлкі, негізінен олигополия субъектілеріне тиесілі мүлік қайтарылды.
- Біз 80 мың гектар аумақты құрайтын 115 жер учаскесін, оның ішінде олигополия субъектілеріне тиесілі Каспий теңізінің бойындағы "алтын учаскелерді" қайтардық. 32 заңсыз нысан бұзылды, 35 құрылыс салушы айыппұлмен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал 5 құрылыс салушы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензиясынан айырылды. Аталған құрылыс салушылардың 17 инжинирингтік қызметіне 6 айға қызметін тоқтатып, шара қолданылды, - делінген хабарламада.
500 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықталып, 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында түпкілікті процессуалдық шешімдер қабылданып, тұлғалар кінәлі деп танылып, сот үкімдері шығарылды.
Жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесе отырып, жалпы сомасы 100 миллиард теңгеге 7 инвестордың мәселесі оң шешімін тапты.