Компанияның 60 қызметкері бұған дейін жұмысын тоқтатқан болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әкімдік не дейді
Жаңаөзен әкімдігі "Кезби" ЖШС жағдайына түсініктеме берді.
– 29 қаңтарда сағат 18:40-та 150-ге жуық қызметкер еңбек мәселелерін талқылау үшін басшылықпен кездесті. Жұмысшылар талаптарын қанағаттандыру үшін бір апта берді. Кейінірек компанияның 60 қызметкері жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
30 қаңтарда жұмыс беруші мен кәсіподақ өкілдері келіссөз өткізгеннен кейін қызметкерлер жұмысқа кіріскен.
Жұмысшылардың талабы
29 қаңтарда Жаңаөзенде жаңа ереуіл басталды. Бұл жолы "Кезби" мұнай сервистік компаниясының қызметкерлері өз талабын білдірді. Ереуілшілер бұрын жалақысын көбейтуді талап еткен, басшылық 10% үстеме ақыға келіскен. Жұмысшылар өз кірісін 50% арттыруға қол жеткізуді көздеп отыр. Тағы бір талап — жағдайға жауапты деп санайтын бірнеше басшыларды жұмыстан шығару. Жұмысшылар компания ғимаратының жанында түнеп, ереуілді жалғастыруды көздейді.
Кезби ЖШС
Қазақстандықтар бұл компанияны біледі. Былтыр 10 сәуірде "Берәлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері Астанадағы энергетика министрлігі ғимаратының жанына жиналған еді. "Өзенмұнайгаз" АҚ ("ҚазМұнайГаз" еншілес компаниясы) үшін "Кезби"ЖШС-мен конкурстық күресте мұнай сервистік қызметтерін орындауға арналған тендерден ұтылған. Соңғысы барлық төрт лотты алған.
Наразылық білдірушілер акция орнынан кетпей, ақыры олар полицияға жеткізілген еді. Сол кезде Жаңаөзен әкімдігінде елордада ұсталғандарды босатуды талап еткен адамдар жинала бастады. Қала көшелеріне "Кезби" ЖШС қызметкерлері де шықты.
Бұған дейін West Oil software жұмысшылары да наразылық білдірген.