×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Феминистерге Алматыда 8 наурызда шеру өткізуге тағы рұқсат берілмеді

01.02.2024, 15:06
Коллаж: ulysmedia.kz.

Шеруді ұйымдастырушылар Алматы әкімдігі 8 наурызда әйел құқығы үшін акцияны өткізуге тағы рұқсат бермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы әкімдігі неліктен 8 наурыздағы шеруге қарсы

Белсенділердің айтуынша, билік "бейбіт жиын өткізу кезінде қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупіне" сілтеме жасайды.

Осындай тұжырыммен әкімдік феминистерге биыл 8 наурызда және одан бұрын – 2023 жылдың көктемінде, өткен жылдың соңында тағы шеру өткізуге келіспеген.

Белсенділер әкімдікке тағы да жүгінуге ниетті.

8 наурыздағы шеру

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Ганди атындағы саябақта кемі 500 қатысушы жиналған феминистер митингі өткен еді.

Митинг Алматы әкімдігімен келісілген. Бастапқыда феминистер өткен жылғыдай шеруді ұйымдастырмақ болды. Алайда билік бұған рұқсат берген жоқ.

Содан кейін қыздар мен жігіттер митингке плакаттар мен ұрандармен келді. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды, зорлаушыларға жазаны қатаңдатуды және әйелдердің құқықтарын сақтауды талап етті.

Былтыр 20 ақпанда фемактивистер биліктен 8 наурыздағы шеруді келісуді талап етіп, сотқа шағым түсірген.

Серіктес жаңалықтары