Ұлттық статистика бюросы ЕАЭО шеңберінде қаңтар-шілде айларындағы сауда айналымы көрсеткішімен бөлісті
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2021 жылғы қаңтар-шілдедегі өзара саудасы 13701,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда номиналды мәнде 25,3% көбейді, соның ішінде экспорт – 4248,6 млн. АҚШ доллары (42,1% көп), импорт – 9453,1 млн. АҚШ доллары (18,9% көп). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 93%, Қырғызстан Республикасына – 3,6%, Беларусь Республикасына – 3,3%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.