Кеңес Рақышев енді Қазақстан бокс федерациясын басқармайды. Оның орнына Шахмұрат Мүтәліп келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Федерацияның жаңа басшысы – құрылысшы, integra Construction KZ компаниясының бенефициарлық меншік иесі. 33 жаста. Куала-Лумпурда және Тұран университетінде оқыған.
Үйленген, үш баласы бар.
Жалпы кейінгі жылдары Қазақстан бокс құрамасы бұрынғыдай жетікстерді көрсете алмай келеді. Токиода өткен соңғы олимпиадада боксшылардан тек бір қола медаль бұйырған.