SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маск Forbes-тің ғаламшардағы ең бай адамдардың дәулетін есептеу тарихындағы ең бай адам атанды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
25 қазанда Forbes Илон Масктің әл-ауқатын $271,3 млрд сомасына бағалады. Бұл жұма күнгіден 41,7 млрд-қа көп. Бұндай жағдай Tesla акциялары құнының 13%-ға күрт қымбаттауының арқасында да болды.
Осылайша, ол Джефф Безос пен Билл Гейтс сияқты бай-бағландарды артта қалдырды.
Forbes алғаш рет миллиардерлердің қазына-мүлкін 1982 жылы есептей бастады. Сол кезде АҚШ-тың ең бай адамы кеме магнаты Дэниел Людвиг болған. Оның дәулеті $2 млрд немесе қазіргі 5,5 млрд құраған еді.